Ақмола облысында ауыл оқушыларына арналған «Бір апта қалада» жазғы акциясы өтті

553
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысыныда 2024 жылғы 3 маусым мен 7 маусым аралығында Зеренді ауданының шағын жинақталған мектеп оқушылары үшін «Бір апта қалада» іс- шарасы өтті.

«Бір апта қалада» іс - шарасының мақсаты ауылда тұратын оқушыларға Ақмола облысы орталығының әлеуметтік және экономикалық, өнеркәсіптік, білім беру және демалыс саласының жүйесінің дамуы туралы ұсыну болып табылады»,- деді ұйымдастырушылар, облыстық денешынықтыру, туризм және алғашқы әскери-технологиялық дайындық орталығы.

3 маусым күні Зеренді ауданының 7-8 сынып оқушылары Көкшетау қ. Құрылыс-технологиялық колледжі базасында орналастырылды. Балалар Көкшетау қаласының колледжеріне экскурсия жасап мамандықтар туралы мәліметтер алды. «Синема-Алем» кинотеатрына барып кино көрді. 4 маусым күні Бурабай бойынша шолу экскурсиясына барып Щучинск қаласының табиғат музейіне, Абылай-хан алаңына, жылқы ауласына барып танысты. Ашық аспан астындағы Ботай-Бурабай музейіне барып тарихи ескерткіштермен танысып, көріп қайтты.

5 маусым күні «Новопэк» ЖШС-не, Ішкі істер департаментінің мұражайына және 5510 әскери бөліміне барды. 6 маусым күні Ш.Уәлиханов, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде болды. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейін аралап, тарихи жәдігерлермен танысып келді.

«Маған осы жоба қатты ұнады. Әсіресе Бурабайға, мұражай, кітапханаларда көптеген қызықты мәлімет алдық. Жоба ұйымдастырушыларына алғысым шексіз», - деп бөлісті Қанай би негізгі мектебінің оқушысы Жолдас Айым.

7 маусым соңғы күні Болашақ сарайында болып, қала бойынша шолу экскурсиясын аралап жағымды әсер алып үйлеріне оралды.

Пікірлер