Малавидің вице-президенті ұшақ апатынан қаза тапты

1898
Adyrna.kz Telegram

Малави президенті вице-президенттің ұшақ апатынан қайтыс болғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Малавидің вице-президент Саулос Чилиманың мінген ұшағы жоғалып кеткені туралы таңертең ақпарат пайда болған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Малави мемлекетінің басшысы Лазарус Чаквера іздеу-құтқару операциясы аяқталғанын хабарлаған. Ұшақ толығымен қираған, тірі қалғандар жоқ.

«Өзімізді өлім алдында дәрменсіз сезінеміз. Бұл өмірде біз басқара алмайтын нәрселер бар екенін еске салады. Қазір және алдағы апталарда ортақ қайғымызда бір-бірімізге қолдау көрсету маңызды. Вице-президент тамаша адам, адал әке, күйеу және көрнекті көшбасшы болды», - деді Малави президенті

Мемлекет басшысы вице-президент мінген ұшақтың қалдықтарын, адам сүйектерін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысушылардың барлығына алғысын білдірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер