UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор 2025 жылы өтетін Ирландия президенттік сайлауына қатысуға ниетті екенін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Макгрегордың бұл шешімі елдегі көші-қон саясатына қатысты пікірталастармен байланысты. Оның айтуынша, Ирландия 2026 жылдың 12 маусымына дейін Еуропалық Одақтың Миграциялық пакті аясындағы барлық міндеттемелерін орындауға міндетті. Бұл мерзімге дейін парламенттің қос палатасы қажетті заң жобаларын қабылдап, оларды ел президенті бекітуі тиіс. Ал президенттік сайлау 2025 жылдың 11 қарашасына дейін өтуі керек.
"Үкіметке менен басқа кім қарсы шыға алады? Олар ұсынатын кез келген кандидат билікке төтеп бере алмайды. Ал мен – бере
Айта кетейік, Конор Макгрегор Ирландиядағы көші-қон саясатына қатысты қатаң көзқарасымен танымал. Ол елге заңсыз миграцияның қауіп төндіретінін бірнеше рет айтқан. Осы мәселеге байланысты жуырда ол АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен кездесіп, пікір алмасқан.