Қарағандыда көкжөтелден алты айлық нәресте шетінеді - министр

1748
Adyrna.kz Telegram
Фото: pexels
Фото: pexels

Қарағандыда нәресте көкжөтелден шетінеп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қарағанды облысында алты айлық нәресте көкжөтел тиіп, қаза тапты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

«Қарағанды облысында бір бала көкжөтелден шетінеді. Ол көкжөтелге қарсы вакцина алмаған. Бала алты айлық», - деді ол 11 маусым күні өткен үкіметтегі брифингте.

Денсаулық сақтау министрі осы ақпаратты растай отырып балалар арасында қауіпті ауруларға қарсы вакцина уақытында салынбағандықтан, жұқпалы аурулар көбейіп кеткенін айтады.

«Халықтың жаппай дені сау болуы дегеніміз өте нәзік дүние екенін байқадыңыздар ғой. Соңғы бірнеше жыл ішінде балалар арасында вакцина алмаған балалар көбейіп кеткен соң жаппай ауру тарай бастады», - деді Әлназарова.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер