Қазақстанда имамдарға желіде уағыз айтуға тыйым салына ма?

817
Adyrna.kz Telegram
Фото: вшық дереккөз
Фото: вшық дереккөз

Қазақстанда Өзбекстандағыдай имамдарға желіде уағыз айтуға тыйым салына ма? Бұл сұраққа бүгін Сенат кулуарында мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Сенат кулуарында Қанат Ысқақовтан журналистер Қазақстанда Өзбекстандағыдай имамдарға желіде уағыз айтуға тыйым салына ма деп сұраған.

“Сөзсіз, бұл мәселеден хабардармыз. Алайда әлеуметтік желі де өз азаматтарымен тілдесудің бір жолы. Сол себепті басқа нұсқаларды қарастырып жатырмыз, бірақ оларға (имамдарға) әлеуметтік желі түрлеріне тыйым салу мәселесі күн тәртібінде жоқ”, – дейді Ысқақов.

Вице-министрдің айтуынша, имамдар жамағатымен онлайн да, офлайн да, стрим арқылы да сөйлесе алады.

Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстан имамдарына әлеуметтік желіде уағыз айтуға, жазбаларға лүпіл басуға тыйым салынғанын хабарладық. 27 мамырда Өзбекстан мешіттерінің барлық имамдары әлеуметтік желілерге кірмеу және әлеуметтік желілердегі жазбаларға "лайк" қалдырмау туралы ескерту алған.

 

Пікірлер