Пафоспен ашылған Алматы әуежайының жаңа терминалы әлі іске қосылған жоқ - куәгер

1282
Adyrna.kz Telegram
Фото: Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі

Алматы әуежайының пафоспен ашылған жаңа терминалы әлі іске қосылған жоқ. Бұл туралы танымал PR сарапшысы Әсел Қараулова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Qatar Airways біздің рейсіміз жаңа терминалдан болатыны туралы электрондық хат жіберді. Біз күтумен портқа бардық. Бірақ шындық басқаша болып шықты – сол баяғы ескі терминал, үлкен кезектер, кептеліс және тағы басқалары. Әдеттегідей олар әлі жұмыс істей қоймаған жаңа терминалды әсемдікпен ашты», - деп жазды Караулова бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол жаңа терминалдың жұмысына «техникалық» ақаулар кедергі болды деп болжайды.

«Шамасы, бұл тағы да «техникалық ақау». Сондықтан уақытыңызды жоспарлаңыз және ерте келіңіз, адам саны көп», - деп қосты Қараулова.

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымда жаңа әуежай терминалы ашылғаннан кейін алғашқы рейстерін орындағанын хабарланған болатын.

Пікірлер