Home » Жаңалықтар » Президент жанынан жаңа қызмет құрылды

Президент жанынан жаңа қызмет құрылды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізді, – деп хабарлайды adyrna.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес қаулы етті: Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын. Мекеменің штат саны 33 бірлік мөлшерінде белгіленсін. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын.  Қазақстан Республикасының Президенті мекеме директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің “Орталық коммуникациялар қызметі” республикалық мемлекеттік мекемесін, оның мүлкін мекемеге бере отырып, таратсын; бір ай мерзімде мекеменің жарғысын әзірлеп, белгіленген тәртіпте бекітуге енгізсін; мекеменің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, мекемені орналастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Баспаналы бол!

Өткен жылдың шілде айынан бастап елімізде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның шарттары көптеген ...