Ер адам сот залында өзіне қол салмақ болған

1713
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz
Атырауда ер адам сотта өзін өлтірмек болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақжайық басылымына сілтеп.
Сот залында 40 жастағы ер адам қағаз кесуге арналған пышақпен өз тамырын кескен. Сотталушының оқыс әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы ("Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару") бойынша 1,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде үкім шығарған сот шешімімен келіспеу белгісі ретінде жасалған.

Басылымның мәліметінше, бұл сот атыраулық тұрғынының алғашқы сот отырысы емес. Ол бұған дейін ҚР ҚК 389-бабы ("Өзін-өзі ұстай алмау") бойынша сотталған.

Әлеуметтік желідегі суреттерде сот залындағы еденнің қан болғанын көруге болады. Ер адам сотта шарасыздықтан осындай әрекетке барғанын айтқан.

"Мен шаршадым, қайта-қайта түрмеге түсемін. Шыққаныма бір жарым ай ғана болды. Ешқандай әділетсіздік жоқ, өзімді өлтіре саламын", – делінген журналистердің ақпаратынша.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер