Қазақстандық оқушы шетелдік оқу орнынан шақырту алды

1511
Adyrna.kz Telegram
Фото: НЗМ
Фото: НЗМ

Мектеп оқушысы Гонконгтағы оқу орнына шақырту алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі жария етті.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Әділби Сәкенов фармакологияға қызығады. Ол QS Ranking 65-орында тұрған Гонконг политехникалық университетінен (PolyU) шақырту алды. Оқушының бағыты – химиялық технология және биотехнология.

«Дәрі-дәрмектің ағзаға әсері және дертті  емдеуге көмектесетіні сиқыр іспеттес. Әрине, сала туралы көбірек біле отырып, уақыт өте келе бұрын сиқыр деп ойлаған нәрсе қарапайым химия екенін түсінесіз. Бірақ оны қарапайым деп атауға болмайды, өйткені дәрі-дәрмек жасау шынымен күрделі және ұзақ процесс. Әрбірі зерттеуден өтіп, қаралуы  бірнеше жылға дейін созылады. Осы кезең  қаншалықты қиын болып көрінсе де, мақсатым – бүкіл әлемге белгілі болатын дәрі-дәрмек жасауға қатысу», – деді ол.

ЖОО-да барлық оқу мен тұруды қамтитын грант алу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138-140 ұпай жинау керек. Ал ол жақтағы оқу ақысы – 210,000 $HK.

Пікірлер