Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

772
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде экс-әйелін қылқындырып өлтірген ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

Айыпталушы Х. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды. Сот жәбірленуші тараптың 25 млн теңге өндіріп алу туралы талап арызын ішінара қанағаттандырды.

«Х.-дан С.-ның пайдасына 318 062 теңге материалдық шығын, заңгердің көмегіне 500 мың теңге өндірілсін. Х.-дан С.-ның пайдасына 20 млн теңге моральдық зиян және мемлекет пайдасына өндірілсін»,— деді судья Алтынбек Сабыров.

Жәбірленуші тарап сот үкіміне наразылық білдірді. Олар апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылдың 31 қаңтарынан 1 ақпанға қараған түні Темір ауданының Шұбарши ауылында болған. 

Ер адам Ақтөбе қаласынан 350 шақырым қашықтағы ауылға бұрынғы әйелімен қосылу үшін таксимен іздеп барған. Марқұммен әңгімелесу барысында келіспеушілік туындаған. Сотталушы талаптарына көнбеген бұрынғы әйелінің сөзіне ызыланып, оны екі минут бойы тұншықтырған. Сот-медицина сараптама қорытындысына сәйкес келіншектің қайтыс болуы себебі механикалық асфексия деп танылды.

Пікірлер