Денсаулық сақтау вице-министрінің қызметтен кету себебі айтылды

760
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

14 мамыр күні  Вячеслав Дудник денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатыған болатын. Бұл кадрлық шешімнің себебін Бас прокуратура түсіндірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

Бас прокуратураның айтуынша, Дудник прокурорлар шығарған қадағалау актісінен кейін қызметінен айырылды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі, мұндағы басты міндет мәселелерді тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Аталған жұмыс аясында Денсаулық сақтау министрлігі 4 инвестициялық жобаға байланысты Бас прокуратураның қадағалау актісі бойынша 8 тапсырманы орындамағаны анықталды. Инвестициялық штабтың нұсқауы бойынша Денсаулық сақтау вице-министрі В.Ю.Дудник қызметінен босатылды», - деп хабарлады қадағалау органы.

Сонымен бірге, Бас прокуратура орталық мемлекеттік органдар басшыларының белгіленген талаптарды орындамағаны үшін немесе Президенттің «Ел экономикасына инвестиция тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес инвестициялық штаб шешімдерін тиісінше орындамағаны үшін жеке жауапкершілігін еске салды.

«Бүгінде прокурорлар инвесторларға қатысты 225 проблемалық істі шешті, бұл жұмыс жалғасуда және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында», - деп толықтырды ведомство.

Пікірлер