Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

711
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен аппарат басшысының орынбасары болып Шархан Тұрсынбаев тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шархан Шаймерденұлы Тұрсынбаев 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Қазақстан Халықтар достығы университетін бітірген.

Кәсіби мансабын 2010 жылы Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман болып жұмысқа кіріскен кезде бастаған. Соңғы жылдары Әуезов және Наурызбай ауданы әкімдерінің аппаратында түрлі қызмет атқарды. 2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, аппарат басшысы болып еңбек еткен.

 

Пікірлер