"Сәләфия" ағымы да бар. Тәжікстан елде тыйым салынған ұйымдар тізімін жариялады

1024
Adyrna.kz Telegram

27 мамыр күні Тәжікстан Жоғарғы сотының сайтында қызметіне тыйым салынған қозғалыстар, партиялар мен ұйымдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды “Адырна ұлттық порталы Тәжікстан жоғарғы сотының ресми сайтына сілтеп.

Тізімге енгізілген 29 ұйым террористік-экстремистік деп танылғаны атап өтілді. Тізім басында 16 жыл бойы бұрынғы КСРО аумағында ресми түрде жұмыс істеп тұрған жалғыз діни партия болған Тәжікстанның Исламдық Қайта өрлеу партиясы тұр. 2015 жылы оған елдің бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың ықпалымен әскери бүлік ұйымдастырды деген айып тағылды, содан кейін Тәжікстанның Жоғарғы соты партияны террористік экстремистік ұйым деп таныды. Ары қарай тізімде:

2. Әл-Қаида*;

3. «Шығыс Түркістанның исламдық қозғалысы»;

4. «Түркістан ислам партиясы»* (бұрынғы «Өзбекстан ислам қозғалысы»)*;

5. Талибан қозғалысы*;

6. «Мұсылман бауырлар»*;

7. «Лашкар-е-Тайба»*;

8. «Исламдық топ»* («Джамият-е-Ислам-и Пәкістан»)*;

9. Жамият-е-Таблиғ;

10. «Сөзмони таблигот»;

11. «Еркін Тәжікстан»;

12. «Хизби Тахрир»;

13. «Хизб-ут-Тахрир»*;

14. «Салафия» діни қозғалысы;

15. «Ансоруллаһ»;

16. «24-топ» қоғамдық қозғалысы;

17. «Ислам мемлекеті» ұйымы* («Ирак және Шом ислам мемлекеті»*);

18. «Джабхат-н-Нусра»* («Джабхат ан-Нусра»);

19. «Тәжікстан ұлттық альянсы»;

20. «Қасиетті соғыс»* («Әл-Джихад»*, «Египеттік Ислам жиһады»*);

21. «Әлеуметтік реформалар қоғамы»* («Джамият-ал Ислох әл-Ижтимои»*);

22. «Ислам мұрасын жаңғырту қоғамы»* («Джамият Ихё ат Тураз әл-Ислами»*);

23. «Екі әулиенің үйі»* («Әл-Харамайн»*);

24. «Джунд аш-Шом»* («Үлкен Сирия армиясы»*);

25. «Исламдық жиһад – моджахедтер жамағаты» *;

26. «Иегова куәгерлері» экстремистік қоғамдастығы**;

27. «Pamir Daily News» немесе «Pamir News»;

28. «Хуросон аймағының ислам мемлекеті»;

29. «Жаңа Тәжікстан 2» ұйымдары тұр.

Жоғарғы Сот Қылмыстық кодексте, атап айтқанда, 307-307.4-баптарында тыйым салынған немесе таратылған саяси партияның, діни бірлестіктің немесе өзге де ұйымның қызметін ұйымдастырғаны үшін билік тарапынан 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленгенін еске салды. Мұндай ұйымның қызметіне қатысқаны және оған кез келген қолдау көрсеткені үшін, оның ішінде әлеуметтік желілерде лайк басып, идеяларды тарату және т.б. іс-әрекеттерге 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленетіні жазылды.

«Тәжікстан экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің бастамашыларының бірі бола отырып, аумақтық тұтастық пен мемлекеттік қауіпсіздікті бұзуға, бірлікті ыдыратуға және діни араздықты қоздыруға байланысты шақырулардың барлық түрлерін айыптайды. Ел азаматтары әрбір адам Конституция мен заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екенін білуі қажет. Заңдарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды», - деп жазды Тәжікстан Жоғарғы соты.

Пікірлер