Алматы әуежайында Autism Friendly жобасы іске қосылды

829
Adyrna.kz Telegram

27 мамырда Алматы қаласының Туризм басқармасы Болат Өтемұратов қорымен бірлесіп, Autism Friendly бастамасы шеңберінде Алматы халықаралық әуежайының 300 қызметкеріне аутизм спектрі бұзылған (АСБ) жолаушылармен өзара іс-қимыл дағдыларына оқыту жүргізеді. Бұл халықаралық бастаманың негізгі мақсаты-қалалық кеңістіктер мен мекемелерді АСБ - бар адамдар үшін қауіпсіз және қолжетімді ету. Тиісті үшжақты меморандумға Қор, Алматы халықаралық әуежайы және Алматы қаласы Туризм басқармасы арасында қол қойылды.

Әуежайдың жерүсті қызметінің қызметкерлері ерекше тәсілге мұқтаж жолаушылармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған дәрістерді және тәжірибелік сабақтарды қамтитын үш күндік оқытудан өтеді. 

Оқу курсы әуежай қызметкерлеріне ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларды анықтауға және ғимараттың кіреберісінен бастап, әуе кемесінің бортына отырғанға дейін тіркеу және тексеру үдерістерден өтуден бастап олардың әуежайда жайлы болуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

"Autism Friendly" жобасының негізгі мақсаты —АСБ- келушілеріне қызмет көрсетуге және әуежай қызметкерлерінің өзара әрекетіне хабардарлықты арттыру және тәжірибелік даярлау есебінен аутизмі бар адамдар үшін қолайлы және жайлы орта құру. Аутист адамға нейротиптік адамдарға қарағанда адамдармен қарым – қатынас жасау қиынырақ-қоршаған әлем ол үшін тым шулы, тым жарқын, тым ақпаратқа толы болуы мүмкін. Ол бейтаныс жерде шатасуы мүмкін. Сондықтан Халықпен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері АСБ- бар адамдармен қалай дұрыс қарым - қатынас жасау керектігін түсінуі маңызды", - деп атап өтті, Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов. 

Туризм басқармасы және Болат Өтемұратов қоры өкілдерінің айтуынша, тараптар қалалық және қоғамдық кеңістіктерде (темір жол стансалары, ХҚКО, медициналық мекемелер, сауда орталықтары, концерт залдары және т.б.) қажетті инфрақұрылымды құру үшін консультациялар мен сараптамалық сүйемелдеу ұсына отырып, "Autism Friendly" бастамасын ауқымдау ниетін бекітті. Осы жылдың соңына дейін Алматы қаласының Туризм басқармасы қормен бірлесіп Оңтүстік елорда музейлері қызметкерлерін оқытуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы сервисті жақсарту шеңберінде 200-ден астам қызметкер Алматы қаласы Туризм басқармасы және Almaty Tourism Bureau ұйымдастырған фасилитациялық сессиялардан өтті, онда қонақжайлылық алгоритмдері, командадағы тиімді жұмыс және коммуникация дағдылары талқыланды.

Бағдарлама ерекше тәсілді қажет ететін жолаушылармен тиімді қарым-қатынас жасау үшін қызметкерлердің дағдыларын дамытуға бағытталған. Бастаманың негізгі мақсаты-қызметкердің АСБ бар келушілерге сапалы қызмет көрсетуге тәжірибелік дайындық есебінен қолайлы инфрақұрылым құру. Бұл аутизмнің ерекшеліктері туралы хабардарлықты арттыруға және барлық жолаушылар үшін жайлы атмосфера құруға ықпал етеді.




Пікірлер