Президент утильалымды алып тастаса, қарсы шықпаймын – Қанат Шарлапаев

1587
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарсы шықпайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкімет отырысынан кейін журналистер Қанат Бисимбайұлына утильалымға байланысты сұрақ қойды. Әріптестердің бірі «Қоғамда резонанс туғызған мәселеге байланысты Президент халықтың талабын ескеріп, оң шешім шығарады. Мысалы, Үкімет киік атуға байланысты шешім шығарған кезде халық оған қарсы болды. Жуырда Президент халықтың талабын ескеріп, киік атуға тыйым салды. Сол секілді утильсборға байланысты қоғамның наразылығы жоғары. Ертең жолдауда немесе басқа да бір жағдайда Президент утильсборды алып тастау керек десе сіз оған қарсы шығасыз ба?» деп сұрады.

ә

"Өте жақсы сұрақ. Әрине, мен Президентке қарсы шықпаймын. Бірақ ең алдымен қазіргі таңдағы сіз айтып жатқан халықтың наразылығын жақсы түсінеміз. Алайда басқа қоғамның өкілдерінің пікірін тыңдамаймыз ба? Қазіргі таңда өнеркәсіпті қорғау үшін жариялаған петицияны 10 мыңнан астам адам қолдап жатыр. Олардың пікірін ескермейміз бе? Бірінші петицияны заң бойынша қатыстырамыз, ал екінші петиция елу мың дауысқа жетсе оны да ескеру қажет болады. Менің ойымша, петиция арқылы нақты демократия белгілерін көрсетіп жатыр. Көбісі автоөндірісті қорғаймыз десе, енді бірі өнеркәсіпке қарсы шығып жатырмыз деп айтады," – деді министр.

Журналистің «Яғни, Президент утильалымды алып тастаса сіз келісесіз ғой» деген нақтылай сұрағына министр «Менің ойымша, Президент тарапынан егер осындай шешім шықса, ешкім қарсы шықпайды. Бірақ әр адамның пікірін ескеріп және нақты демократия принциптерін сақтауымыз қажет,» - деп қысқа жауап берді.

Пікірлер