Президент Иранның Астанадағы елшілігіне барып, көңіл айтты

1614
Adyrna.kz Telegram
Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Астанадағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Иран президенті Ибрагим Раиси мен үкімет делегациясы мүшелеріні 19 мамырда тікұшақ апаты салдарынан қаза тапты. ҚР Президенті 21 мамыр күні Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, көңіл айтты.

"Иран Ислам Республикасының президенті Ибрагим Раисидің және Үкімет делегациясы мүшелерінің мезгілсіз қазасы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Өз ұлтының ұлы перзенті Ибрагим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға. Біз оны парасатты басшы, беделді саясаткер, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер ретінде әрдайым есте сақтаймыз. Қазақ халқының және өзімнің атымнан ирандық бауырларымызға қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат, рухы пейіште болсын!" – деп жазды Мемлекет басшысы.

Иран президенті Ибрагим Раиси мінген тікұшақ 19 мамыр күні апатқа ұшырап, президент пен борттағы өзге де шенеуніктер қаза тапты.

Пікірлер