“Барлығы қаза тапқан”. Иран президенті мінген тікұшақ толығымен жанып кеткені айтылды

1096
Adyrna.kz Telegram

Апатқа ұшыраған Иран президенті Ибрагим Раисидің тікұшағы толығымен жанып кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеп.

«Иран президенті Раисидің тікұшағы апат кезінде толығымен жанып кетті», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, апатқа ұшыраған тікұшақтағылардың барлығы қаза болған деп саналады.

«Өкінішке қарай, Иран президентінің тікұшағы апатқа ұшырауы салдарынан борттағы барлық адам қаза тапты деп болжануда», - делінген хабарламада.

Ирандық ақпарат құралдары Иран президенті Раисидің тікұшағы табылған кездегі алғашқы кадрларды жариялады.


Құтқарушылар тікұшақты қиын ауа райы жағдайында және жетуі қиын жерлерде түнімен іздеді. Дүйсенбі күні таңертең олар Шығыс Әзербайжан провинциясындағы апат орнына жетті.

Бұған дейін Press TV телеарнасы Иран президентінің құлаған тікұшағы түріктің Акынжы ұшқышсыз ұшқышсыз ұшағы арқылы анықталғанын және оған іздеу-құтқару топтары жіберіліп жатқанын хабарлаған.

IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Раиси АҚШ-та жасалған Bell 212 тікұшағымен ұшып шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тікұшақ апатынан кейін Иран президенті Раисидің өміріне қауіп төніп тұрғанын жазған болатынбыз.

Пікірлер