Алматының рухани жетекшілері Солтүстік Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетті

1033
Adyrna.kz Telegram

Алматыда діни ұйымдар бірігіп, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті.  Игі бастама, ерекше ынтымақтастықтың үлгісі ретінде Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мұрындық болуымен жүзеге асты.

«Алматы қаласының Дін істері басқармасы Алматы клубының алаңында бірігіп, зардап шеккендерге қолдан келгенше көмек көрсету туралы бастама көтерді. Қатысушылардың басым бөлігі бізді қолдады және нәтижесінде қысқа мерзімде 8 720 000 теңге жиналды.  Қайырымдылыққа әртүрлі діни конфессиялардың өкілдері, атап айтсақ,  мұсылмандар, буддистер, мормондар, кришналар, протестанттық конфессиялардың өкілдері өз үлестерін қосты», - деп атап өтті Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов.

Жиналған қаражатқа зардап шеккен азаматтар үшін 68 бірлік Тұрмыстық техника сатып алынды. Көмек атаулы түрде көрсетілді. Ұйымдастырушылар зардап шеккендердің қажеттіліктерін ескеруге тырысты.

Айта кету керек, көптеген діни бірлестіктер қайырымдылық көмекті өздері жүзеге асырды, ал бұл акция жоғарыда өткен шаралардың ізін жалғады.

Акцияны іске асыруға сондай-ақ, ұйымдастыруға «Social Development Center» қоғамдық қоры атсалысты. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында  қайырымдылық науқанын өткізуге «Демеу» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» ЖМУ және Солтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы белсенді қатысты.

Төменде қайырымдылық көмек көрсеткен ұйымдардың тізімі берілген:

  1. Алматы қаласының орталық мешіті (ҚМДБ).
  2. Иса Мәсіхтің Соңғы Күнгі Әулиелер Шіркеуі.
  3. Алматы қаласындағы «өмір көзі» Христиан Евангелиялық елуінші күндік шіркеуі.
  4. «Жаңа өмір» Евангелиялық сенім христиандарының шіркеуі.
  5. Алматы қаласындағы христиан Жаңа апостолдық шіркеуі.
  6. Інжіл Христиандары Баптистерінің «Кальварий» Шіркеуінің Орталығы.
  7. Әулие елшілер Петр мен Павелдің Евангелиялық-лютерандық шіркеуі.
  8. «Агапе» Евангелиялық христиан шіркеуі.
  9. Алматы қаласының Кришна сана қоғамы.
  10. «Алмагүл» Пресвитериан Шіркеуі.
  11. «Вон буддистер» Алматы шіркеуі.
  12. «Сун Бок Ым» Алматы Евангелиялық Христиан Шіркеуі.
  13. «Құдай Сөзі» Толық Інжіл Христиан Шіркеуі.
  14. Алматы қаласының жетінші күніндегі адвентист христиандардың жергілікті шіркеуі.
  15. «Social Development Center» қоғамдық қоры.

 

Пікірлер