Ресей Қазақстанға 100 мың тонна қант экспорттайды

785
Adyrna.kz Telegram
Сурет: belok.ua
Сурет: belok.ua

Ресей Қазақстан үшін қант квотасын жазғы маусымға дейін тағы 100 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 мамыр күні Қазан қаласында Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин мен Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчуктың төрағалығымен өткен кездесуде қантқа қатысты мәміле келісілді.

«2024 жылдың 3 мамырында Ресей  үкіметі осы жылдың 31 тамызына дейін қант шығаруға уақытша тыйым салу туралы қаулы қабылдады. Қазақстан үшін 120 мың тонна көлемі қарастырылған. Қоймалардағы және квота шеңберінде бөлінетін қолдағы қордың көлеміне қарамастан, қантты тұтынудың ең жоғары саналатын жаз маусымы қарсаңында қазақстандық тарап екіжақты кездесуде қант жеткізу квотасын тағы 100 мың тоннаға ұлғайту мәселесін көтерді. Алдын ала келісім алынды, енді квотаны ұлғайту мәселе 29 мамырда ЕЭК Кеңесінің отырысында қаралмақ»,—делінген хабарламада.

Сондай-ақ кездесуде ағаш материалдарын Ресейден Қазақстанға әкету үшін өткізу пункттерінің санын көбейту мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасында тек 6 өткізу пунктінен шығару ғана рұқсат етіледі. Енді Қазандағы кездесудің қорытындысы бойынша Ресей тарапы жақын арада тағы 4 автокөлік өткізу пунктін ашуға дайын екенін білдірді.

Пікірлер