Жарты айлық демалыс. Наурызда сағат ауысқанына бір жыл толады

1400
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/kүntizbe-kalendar-960x500.jpg?token=107d2fcc563bab37e9a19b0da17f10f0
Қазақстандықтар наурыз айында жарты ай бойы демалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 8 наурыз сенбіге түскендіктен, демалыс күні 10 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 8-10 наурыз аралығында үш күн қатарынан демалады. Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Биыл 22-23 наурыз сенбі мен жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күндері ретінде 24-25 наурыз бекітілді. Нәтижесінде, қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында бес күн демалады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады. Айта кетейік, 2024 жылы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі белгіленген болатын. 
Комментарии