Тоқаев премьер-министрге бірқатар тапсырма берді

1865
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновтің су тасқынының салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары туралы есебін тыңдады. Бұл туралы бүгін, 18 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс.

Сонымен қатар Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер