Алматыда ер адам әйелді ұрып, баспалдақтан құлатып жіберген

850
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің лифтісінің жанында ер адамның әйелді аямай сабағаны қауіпсіздік камерасына түсіп қалған. Бейнежазбаны «НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі телеграм арнасына жүктеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бейнежазбада ер кісі әйелді 12 рет ұрып-теуіп, баспалдақтан төмен қарай құлатып жібереді. Артынан өзі асықпай лифтіге кіреді. Ал оның бәрін лифтінің жанында тұрған екі жігіт көріп тұрады. Олардың бірі басбұзарды тоқтатуға тырысқан әрекет жасап көрсе, екіншісі таяқ жеп жатқан әйелге міз бақпай қарап тұрған.

Дина Таңсәрі бейнежазбадағы әйел соққыға алып жатқан ер адамнан ажырасып кеткен, бірақ бұрынғы күйеуі оның ізіне түсіп, ұрып жүргенін жазды.

«Видеода екеуі де ер кісіні тоқтатуға тырыспайды. Аяқ-қолдарын кісендеп қойғандай қарап тұр. Бірі тіпті білегін айқастырып алған. Олар қорыққаннан араласпай тұр деп айтушы болмаңыз. Жоқ, олар қорқып тұрған жоқ. Олар мұндай зорлықты үнемі көрген, олардың еті үйреніп кеткен. Есі дұрыс адам мұндайды көргенде есінен тана жаздайды. Бірақ бізде емес. Ол әйелді картоп салған қап сияқты ұрғылады. Содан кейін түк болмағандай бәрі лифтке кіріп кетті. Ал әйелдің жай-күйі не болды? Тірі ме? Көмек керек шығар, бірақ оған ешкімнің оған басы ауырмайды»,- деп жазды белсенді.

Алматы полициясынан болған оқиғаға шара қолдану талап етілді.

Пікірлер