Назарбаев кезінде сотталған топ-менеджер тағы 5 жыл арқалады

2417
Adyrna.kz Telegram
Фото: «Атамекен» ұлттық палатасы
Фото: «Атамекен» ұлттық палатасы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауда кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік субъектілер секторында 10 жыл уақыт мерзімінде қызметке орналасу құқығынан айырылды», - делінген Астана қалалық қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттың қаулысында.

Сонымен қатар сот үкімімен сотталушыдан "қылмыстық жолмен алынған" 5,8 млрд теңге мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот президентке Мырзахметовті мемлекеттік наградалар: «Құрмет» және 3-дәрежелі «Барыс» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.

Еске салсақ, «Атамекеннің» экс-басшысы, сотты болған бизнесмен Қайрат Боранбаевтың бауырынан аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталды.

Абылай Мырзахметов 2002 жылы транспорт және коммуникация министрі кезінде ҚТЖ қаржысын талан-таражға салғаны үшін 5 жылға сотталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер