Путин Шойгуды қызметінен босатты

699
Adyrna.kz Telegram
Фото: Михаил Терещенко / ТАСС
Фото: Михаил Терещенко / ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуды қызметінен босатты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, енді  Сергей Шойгу қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болады.

«Ресей президенті Владимир Путин «Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы туралы» Жарлыққа қол қойды.

Сергей Кужугетович Шойгу Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын”, - деп жазылған хабарламада.

Путин Қорғаныс министрі қызметіне бұрынғы вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды.

Айта кетейік, Сергей Шойгу – президент қайта тағайындауға ұсынбаған жалғыз министр. Ол қорғаныс министрі қызметін 2012 жылдан бері атқарған.

Пікірлер