Шетел азаматтары үшін: Елімізде бензин мен дизель отынына шектеу енгізіледі

790
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда шетел азаматтары үшін бензин мен дизель отынына тәуліктік шектеу енгізіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zan.gov.kz-ке сілтеп.

Жаңа бөлшек сауда бағасы 17 мамырдан бастап енгізіледі.

Өзгерістер ҚР Энергетика министрі енгізген жанармай құнын реттейтін түзетулер нәтижесінде енгізіліп отыр. Жарияланған қаулыға сәйкес қосылған құн салығы ескеріліп, шекті бағалар белгіленген.

  • Аи-80 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 89 теңге;
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 245 теңге;
  • Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;
  • Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Ал қосылған құн салығын қосқанда дизель отынының құны:

  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 315 теңге;
  • Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;
  • Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.
Пікірлер