Satbayev University мен inDrive Қазақстанда тегін білім беретін факультет ашады

1279
Adyrna.kz Telegram
inDrive баспасөз қызметі
inDrive баспасөз қызметі

Satbayev University және inDrive компаниясының басшысы Арсен Томский «inVision U» факультетін құру туралы келісімге қол қойды. Бұл факультет Қазақстан мен Орталық Азияның дарынды түлектеріне тегін жоғары білім беруді мақсат еткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.

Жоба 2025 жылдың қыркүйегінде басталады. Университет 400 студентке IT, маркетинг және медиа, ғылым, қоғам, мемлекеттік басқару салалары бойынша білім бермек.

2025 жылғы қыркүйекте оқу Foundation дайындық курсынан басталады деп күтілуде. Бұл кезеңде студенттер сыни ойлау, аналитика, ағылшын тілі, математика және IT салалары бойынша білім алады. Ал 2026 жылғы қыркүйекте бакалавр бағдарламасы іске қосылады.

Оқу барысында теориялық лекциялардан гөрі тәжірибелік жобалар мен командалық жұмысқа басымдық беріледі. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Foundation бағдарламасына өтініш қабылдау 2025 жылғы 15 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бакалавриатқа қабылдау 2026 жылы басталады.

Арсен Томский 2022 жылы Ресейдің Украинаға қарсы соғысын ашық сынап, кәсібін Қазақстанға көшірді. 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер