Home » Жаңалықтар » Қытайда көз жұмған қазақстандық қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

Қытайда көз жұмған қазақстандық қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

Қытай полициясы қазақстандық Сандира Серікханованың өліміне қатысты істі қайта қарап, қыздың жазатайым оқиға салдарынан көз жұмғанын растады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қытайда білім алған қазақстандық студент тұрғын үйдің 17-ші қабатынан құлаған.

24 жастағы қыз Қытайдың Чанчжоу қаласында тұрғын үйдің 17-ші қабатынан құлап көз жұмған. Қайғылы оқиға осы жылдың 26 сәуірінде болыпты. Сандира Серікханова Қытайдың Цзянсу провинциясындағы технология университетінде оқып жүрген.

Қыздың әкесі мен ағасы дереу Чанчжоу қаласына аттанған. Қазақстанның Шанхайдағы бас консулдығының көмегімен марқұмның отбасы Қоғамдық қауіпсіздік департаменті, Серікханова оқыған университет пен сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде қыздың туған-туыстарына қайғылы оқиға болған үйдің кіреберісіндегі камералардың  бейнематериалдары көрсетілді.

Тергеу қорытындысына сәйкес, қазақстандық қыздың жазатайым оқиға салдарынан қаза болғаны анықталды. Кісі қолынан көз жұмғаны расталған жоқ.

2 мамырда марқұмның денесі Бейжіңнен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.

Іс неге қайта қаралды

22 мамырда қыздың әкесі Қазақстанның Шанхайдағы консулдығына жүгініп, істі қайта қарауды сұрады. Қазақстандық дипломаттар Қытай полициясына тиісті өтініш жолдады.

Істі қайта қарау қорытындысы бойынша, Қытай полициясы Серікханованың кісі қолынан көз жұмғанын растаған жоқ.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Баспаналы бол!

Өткен жылдың шілде айынан бастап елімізде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның шарттары көптеген ...