"Ағайынды". Қарағандыда ер адам бауырын соққыға жыққан

1481
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Қарағандыда ер адам өзінің бауырын аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Жаға ұстатарлық оқиға Қарағанды ​​облысының Қушоқы ауылында болған. Көпқабатты үйдің ауласында ер адамның күндізгі уақытта өзге адамды аяусыз ұрып жатқан бейнесі тараған. Кадрда ер адамның темір құбырды сілтегені де анық байқалған.

Белгілі болғандай бұл оқиға көпшіліктің алдында болған. Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мән-жайды мәлімдеді.

«Бұқар жырау ауданы, Қушоқы ауылындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында бұзақылық жасағаны үшін полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Бұзақылық әрекетке қатысушылар ағайынды болып шықты. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтті Қарағанды ​​облысы ПД.

Пікірлер