Премьер-министр Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

800
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі
Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Рейхстагқа ту тіккен халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Шараға жиналғандар соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт өмірге оралып, бүгінде марқұм болған барша ардагерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

"Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста қазақстандықтар да теңдессіз ерлік пен ерен еңбектің даңқты үлгісін көрсетті. Ұлы Жеңіс қаһармандарының арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт елде өмір сүріп, кемел болашаққа нық сеніммен қадам басып отыр", - деді Бектенов өз сөзінде.

Ол Ұлы Жеңіс қаһармандарының есімі ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

"Айбынды батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов сынды басқа да көптеген отандастарымыздың майдан даласындағы ерліктеріне мәңгі тағзым етеміз. Халқымыз туған жерімізді қорғап қалған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін әрдайым ұлықтай бермек", — деді Бектенов.

Пікірлер