Герб ауыстыруды ұсынғандар тасқыннан соң жаңа қауымдастық құрмақ

1125
Adyrna.kz Telegram
Фото: «Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы
Фото: «Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы

Қазақстанда жаңа қауымдастық құрылады. Бұл туралы сәуір айының басында «Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы су тасқынымен күрес кезінде апат аймақтарына еріктілер тобын жіберу үшін жаңа қауымдастық құратынын мәлімдеді, деді деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Бәрімізге қатысты» науқаны арқылы су апаты кезінде көмекке мұқтаж аймақтарға ондаған тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Сондай-ақ жүздеген адам әртүрлі топпен Көкшетау, Петропавл, Орал, Атырау және Ақмола облысының бірнеше ауылына барды.

Су басқан өңірлерге жүздеген жас апатпен күреске көмектесу үшін жөнелтілді. Олар бөгет салу, қапқа құм толтыру және өзге де жұмыстарға атсалысты.

Еліміздегі табиғи апат Қазақстанда жаңа қауымдастықтың құрылуына себепкер болды. «Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы қауымдастық атауын «Жағдайға немқұрайлы емес жандар» деп атады.

Айта кетейік, «Жаңа Адамдар» қозғалысы 2022 жылдың тамызында құрылды. Қозғалыс жетекшісі Әсел Бәденованың айтуынша, оның 700 мүшесі бар.

Аталған қозғалыс биыл ақпан айында ел тұрғындарына елтаңбаны ауыстыру туралы ұсыныс жасаған болатын.

"Алайда біз білетін елтаңба құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70 пайызы елтаңбамызды тани алмады. Қазақстан – қазіргі заман талаптарына сай алға үлкен мақсаттар қойып, жаңа белестерді бағындыру жолында. Біз, Жаңа адамдар, жауапкершілігі зор мақсаттарға бет алған жас мемлекетке тың көзқарастағы жаңа рәміздің керек екенін сенімділікпен жеткізгіміз келеді. Жаңа елтаңба – жаһандық өзгерістер орын алған шақта біздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек", – деді олар.

Пікірлер