Мереке қарсаңында елордадағы мектепке Халық қаһарманының есімі берілді

1974
Adyrna.kz Telegram
Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Мереке қарсаңында қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаевтың есімі мектепке берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл Рейхстагқа жеңіс туын тіккен даңқты батырдың туғанына 100 жыл болған. Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында елордадағы №44 білім ордасына Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілген. Бұл мектепте мемориалды ескерткіш тақта мен әскери сынып ашылды. 

«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген қазақта мақал бар. Сол сияқты біздің миссиямыз – өскелең ұрпақтарымызды патриоттық тәрбиеге баулу, - деді Р.Қошқарбаев атындағы №44 мектеп директоры Ләззат Құлтаева.

Айта кетейік, 1945 жылы 30 сәуір күні барлау взводының командирі, лейтенант Рақымжан Қошқарбаев, қатардағы барлаушы Григорий Булатовпен бірге жаудың мекені Рейхстагқа өтіп, бас ғимараттың алдына өз батальонының туын тіккен. Рейхстагта желбіреген бұл ту жеңістің алғашқы белгісі атанды. 

Бүгінде елімізде ІІІ дәрежелі Айбын ордені енді Рақымжан Қошқарбаев есімімен аталатын болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер