Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық челлендж басталды

2365
Adyrna.kz Telegram

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Астанада «Менің Жеңіс тарихым» атты патриоттық онлайн-акция басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Менің Жеңіс тарихым» челленджі аясында елордалықтар әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында соғысқа қатысқан туыстарының оқиғаларын, сонымен қатар отбасылық мұрағат суреттерін, естеліктерін жариялайды.
Қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан жақындарына арналған фотосуреттер мен видеороликтерді қысқа әңгімелер немесе естелік ретінде жариялайды.

Челлендж аясында сонымен қатар майданнан келген хаттарды, батырлардың ерлігі жайлы өлеңдерін оқып, соғыс жылдарындағы әндерді орындай алады.

Бұл челлендждің мақсаты – соғысқа қатысқан жақындары туралы, сол сияқты отбасылық оқиғалар мен мұрағат материалдарын тарату. Бұл өткенді мәңгілік сақтауға және Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсетуге септігін тигізеді.

Челленджге қосылу арқылы әрбір адам Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тарихтың сақталуына үлес қосып, бірлік рухын қолдай алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер