Астанада көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 40 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел 12-қабаттан құлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті тергеу амалдарын жүргізуде.
Оқиғаның нақты себептері анықталған соң қосымша ақпарат беріледі.