Ержұман Смайыл

123
Adyrna.kz Telegram

Ержұман Смайыл - журналистика саласына сіңірген еңбегі зор, “Егемен Қазақстанның” тираж санын көбейтіп, орнын нығайтқан, қазақ публицистикасында жазудың ғана емес, ұйымдастырушылық қабілетімен аты қалған, алғашқы Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президент сыйлығының лауреаты.

Мансап жолын “Социалистік Қазақстаннан” бастап, араға уақыт салмай “Лениншіл жас” газетіне ауысқан Ер-аға журналистік алғырлығының, атқарған еңбегінің арқасында жанып тұрған отты жылдары республика жастары ұйымының мəртебесі ең жоғары Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықпен марапатталады. Бұл марапатты алған уақытта Қазақстанның ақпарат кеңістігінде талапты бір жас азаматтың топты жарып шығатыны белгілі болды. Ержұман Смайылдың өзіне келсек, ол мұндай жоғары атаққа аса мəн бермейтіндей болған. Қандай марапат иеленсе де, қарапайымдылығынан бір таймады.

Ержұман Өтешұлы “Лениншіл жаста” қызмет атқарған уақытта басылым талантты буынның топтасатын жері болды. Редакцияда Ж. Бейсенбайұлы, Ы. Кененбаев, Ж. Солтиева, М. Қожахметова, Ə. Көпішев жəне Ж. Елшібек сияқты заман таңдаулылар қызмет атқарды. Кейіннен қазіргі атақты жазушылар Н. Жүнісбаев, Қ. Жиенбай тəрізділер қатарға қосылды. “Социалистік Қазақстаннан” “Лениншіл жасқа” жұмысқа шақырған С. Бердіқұловпен публицист 7 жыл қызметтес болды. Газеттің əр бетінде жұрт қызығатындай бір оқиға, хабар болуын міндеттеген бас редактордың арқасында Ержұман Смайыл адамдармен жұмыс істеуді, жазушы-тілшілермен сөйлесуді үйренді.

Айшат НАҚА

Пікірлер