Президент Пасхамен құттықтауында "Әділетті Қазақстанды" атады

1751
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелеп, жанашырлық танытуға шақыратынын атап өтті.

“Құрметті еліміздің православ қауымы! Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын. Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады. Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады. Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!” – деді өз құттықтауында Президент Тоқаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер