"Росатом" қашан да назарда". Абаев ықтимал АЭС құрылысы жайлы екіұшты пікір білдірді

1930
Adyrna.kz Telegram
фото: Егемен Қазақстан
фото: Егемен Қазақстан

Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум осы жылдың соңында өтуі мүмкін екені айтылды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тілшілер Абаевтан Қазақстанның АЭС салудағы "Росатоммен" байланысы туралы сұрады. Абаев оған:

«Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасында да кез келген стратегиялық маңызды мәселелер және өзге де дүниелер референдумда шешілетінін, яғни халықтың пікірімен санасу керектігін нық айтты. Бұл оның берік ұстанымы және менің ойымша, қазақстандықтар мұны оң бағалайды. Біз мұны референдумға шығарып отырмыз. Қазақстанда атом энергиясына қатысты белгілі бір фобиялар бар. Семей ядролық полигоны ұзақ уақыт бойы Қазақстан аумағында орналасып, республика тарихында да, қазіргі қалпына дейін де үлкен із қалдырды. Бұл жарылыстардың салдары әлі де сезілуде. Сондықтан бұл Қазақстандағы біз үшін өзекті мәселе. Егер Қазақстан халқы бұл үдерістерді қолдаса, референдумнан кейін бірден нақтысы айтылады. "Росатом", әрине, осы саладағы көшбасшылардың бірі, сондықтан мұндай шешім қабылданса, Росатом әрқашан қысқа тізімде болады” деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, шетелдік БАҚ-тың журналисі елшіден референдумның өтетін мерзімі белгілі ме деп сұраған болатын.

«Жоқ. Осы жылдың соңында өтуі мүмкін», - деп жауап берді Абаев.

Былтыр қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында атом электр станциясы салынып-салынбайтынын халық референдум арқылы шешетінін мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер