Қосшыда спорт кешені ашылды

772
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен.
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен.

Қосшы қаласында  тұңғыш мемлекеттік спорт нысаны – «ALAN» спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Кешен заманауи спорттық жабдықтармен және барлық қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда ересектер мен балаларға арналған бассейндер, спорт залы, күрес және ойын бөлмесі бар. Сондай-ақ, кешен аумағы абаттандырылған күркелермен және сырттағы жаттығу тренажерларымен да қамтылған. Нысанның жобалық қуаты тәулігіне 300 адамды құрайды. Олимпиада тізіміне енгізілген спорттың 10 түрінен секциялар да бар.

Жаңа нысанды аралаған Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бұл кешеннің жастардың спорттық тәрбиесін қалыптастыруда  маңызды рөл атқаратынын  атап өтті.

«Бұл өте жақсы бастама. Спорттық-сауықтыру орындары әрбір қала тұрғыны, сондай-ақ, жастар мен мектеп оқушылары үшін қолжетімді және функционалды болуы тиіс. Оны барынша тиімді пайдаланып, өскелең ұрпақтың бойына еңбекке деген сыйластықты сіңіру қажет деп санаймын», - деді облыс әкімі.

Айта кетерлігі, спорттық сауықтыру орталығы ашылғанға дейін қалада жүзу бассейні болмаған еді. Енді бассейн үш ауысымда күніне 30 адамды қабылдай алады.

«Әртүрлі жастағы және спортшылар үшін тамаша сыйлық, енді елордаға жаттығу үшін барудың қажеті жоқ. Енді өзіміздің   қаламызда спортпен айналысуға мүмкіндік туды. Бұл өте қуантарлық  жағдай», - деп алғашқы жасөспірім келушілер спорт кешенінің мүмкіндіктерін  жоғары бағалады.

Жаңа нысанмен қатар елордада бірегей қоғамдық мәдени-спорттық орталық та салынуда.  Аталмыш жоба Болат Өтемұратов қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.  Айта кету керек, орталық озық халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді.

Қосшы кормьюнити орталығы Қазақстандағы мұндай үлгідегі алғашқы орталық болмақ. Нысан үш негізгі аймақтан – білім беру, мәдени және спорттық аймақтардан тұрады. Сонымен қатар, орталықта кинотеатр, террасаға шығатын асхана және коворкинг аймақтары  да  орналастырылады.

Сапарды қорытындылаған облыс әкімі дене шынықтыру-спорт кешені мен қоғамдық мәдени-спорттық орталықтың ашылуымен Қосшы қаласы тұрғындарының спорттық және мәдени өмірі өзгеретінін атап өтті.

«Бұл нысандардың іске қосылуы бізге Астана агломерациясының басты міндеті – Қосшы қаласының тартымдылығын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады  М.Ахметжанов.

 

Пікірлер