«Bishimbayev University». Сотталған министрдің әкесі университет аша ма?

757
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ұлысмедиа
Фото: Ұлысмедиа

Ғылым және жоғары білім министрлігі Уәлихан Бишімбаевтың университет ашатыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде «Bishimbayev University» жаңа оқу жылынан бастап жұмыс істейтіні, оның ректоры болып Уәлихан Бишімбаев тағайындалғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев ресми мәлімдеме жасады.

Беркінбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-3-бабына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында қызмет көрсету үшін міндетті түрде лицензия алу қажет. Сондай-ақ, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес, тиісті рұқсатсыз немесе хабарламасыз білім беру қызметімен айналысуға болмайды.

Осыған орай, Ғылым және жоғары білім министрлігі «Bishimbayev University» атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия бермегенін және «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде мұндай өтінімнің тіркелмегенін мәлімдеді.

Министрлік жоғары білім беру мекемелерінің қызметі заң аясында реттелетінін және заңсыз білім беру қызметімен айналысуға жол берілмейтінін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер