Мамин 2 жылдан кейін Ақордаға кірді

1883
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның экс-премьер-министрі, Шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин араға 2 жыл салып, Ақордада бой көрсетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қаңтар» оқиғасынан кейін қызметінен кеткен шенеунік 2 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьяктің кездесуіне қатысты.

Еске салайық, Асқар Мамин 2019 жылдан 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін премьер-министр қызметін атқарған еді. Қаңтардағы оқиғалардан кейін Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетті. Ол 2022 жылдың наурыз айына дейін Президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің мүшесі болды. Бұған дейін экс-премьер-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген қауесет тараған болатын. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Мамин отставкаға кетсе де, «Qazaq Geography» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін сақтап қалды. Сонымен қатар, экс-премьер 2012 жылдан бері Қазақстан хоккей федерациясын басқарады.

Биыл, 26 сәуірде Асқар Мамин Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болып сайланды.

Пікірлер