Ресейдің Внуково әуежайынан төрт күннің ішінде 650-ге жуық Тәжікстан азаматы шығарылғаны айтылды

1078
Adyrna.kz Telegram

26 сәуір мен 30 сәуір аралығында Внуково әуежайына барған 3 мыңнан астам тәжік азаматы бірнеше күн ешқандай жағдай жасалмаған Ресей қамауында отырып, ақыры 643 азамат Тәжікстанға депортацияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Азия-Плюс» агенттігіне сілтеп. 

Дереккөздің хабарлауынша, Тәжікстанның тағы 117 азаматына қатысты депортациялау туралы шешім қабылданған.

«Қазір бұл азаматтар да Внуково әуежайының уақытша ұстау изоляторында адам тұра алмайтын жағдайда ұсталып, отанына кетуді күтуде», - деп атап өтті Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

Дереккөз осындай қиын жағдай Жуковский және Домодедово әуежайларында да орын алғанын атап өтті.

Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі тағы да ел азаматтарына Ресей аумағына барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынуда.

Еске сала кетейік, 30 сәуір күні Ресей тарапының өтінішімен Тәжікстан сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесіп, Мәскеудегі Тәжікстан азаматтарын тексеру жайын талқылағанын хабарлаған болатынбыз.

 

Пікірлер