Самарқанға бағыт алған ұшақ Мәскеуге қонуға мәжбүр болды

1267
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/img_6282-960x500.jpeg?token=95b875d84decc7e9bf365380499cc258
Санкт-Петербургтан Самарқанға бағыт алған Boeing 737 ұшағы діттеген жерге жетпей, Мәскеуге қонды. Бұл туралы «Ютэйр» әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Ақпаратқа сәйкес, «Ютэйр» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың тұрақтандырғыш индикаторы іске қосылып кеткен. Ұшақ ішінде 173 жолаушы болған. Еске салсақ, соңғы уақытта ұшақ апаты жиілеп кетті. Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL  компаниясының ұшағынан бөлек, Оңтүстік Кореяда Jeju Air  әуе кемесі құлап, жолаушылар көз жұмған. Іле Канада мен Норвегияда ұшақтар апатты жағдайда қонған еді.
Комментарии