Атырау облысында пәтер өртеніп, 2 бала қаза тапты

1970
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/f92d7eec-b637-4c3b-a662-419500066c7c.png
Бүгін таңда Атырау облысында пәтер өртеніп,  2 бала қаза тапты. Бұл туралы Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Мәлімет бойынша, бүгін сағат 5:37-де Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекенжайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады. «Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы туған және 2017 жылы туған балалардың денелері табылды. Сондай-ақ 1995 жылы туған Н.С. есімді анасы және 1994 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жедел жәрдем қызметкерлерімен жеткізілді», – делінген хабарламада. Өрт сағат 6:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды. Сонымен қатар, өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатыр.
Комментарии