Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Ынтымақтастық істері және халықаралық даму жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің басшысы Дэвид Кэмерон Қазақстан астанасына екі күндік сапармен келді.
Астанада жеткен Кэмеронды ел басшылығы күтіп алып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізеді.
Сапар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарлануда.
Сонымен қатар, сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Айта кетейік, бұл Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Қазақстанға екінші сапары.