FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

1181
Adyrna.kz Telegram
Сурет: КТК
Сурет: КТК

26 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Орал – Астана бағыты бойынша ұшағы Орал қаласының әуежайынан ұшқан кезде құстар тобымен соқтығысқан. Бұл туралы Air Astana компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы. 

Мәлімет бойынша, ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқу байқалмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонған.

Әуе компаниясының ақпаратынша, ұшақ қозғалтқышындағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжға зақым келген. Сондай-ақ құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде тұрып қалған.

Орал әуежайында осы сияқты оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНҚ-тестілеу жасалғалы жатыр.

Air Astana компаниялар тобы Қазақстан әуежайларында жабайы табиғатты басқару бағдарламаларын жақсарту үшін халықаралық сарапшылармен белсенді ынтымақтастық жасайтынын мәлімдеді.

Компания мәліметінше, елдегі мұндай оқыс оқиғалардың деңгейі IATA деректері бойынша әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түседі. 2024 жылы Air Astana компаниялар тобында 10 мың ұшуға құстармен соқтығысу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсіп, 203 оқиғаны құраған.

Еске салсақ, бұған дейін, Ақтау маңындағы әзербайжандық ұшақ апатының алдын ала себебі осы аптада айтылатыны хабарланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Колумбус с 12 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер