Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

265
Adyrna.kz Telegram

Мегаполисте еңбек нарығындағы жағдай жақсарды. Атап айтқанда, 2023 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% - ға дейін төмендеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі  Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Еңбек ұтқырлығы орталығы мен Мансап орталығы жұмысқа орналасуға көмектеседі.

«2023 жылы 87,4 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 41,5 мыңнан астамы (47,5%) орналастырылды», – деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Алматыда жеке бизнесін жаңа бастаған кәсіпкерлер өз істерін дамытуға гранттар алды.

 «Бастау Бизнес» жобасы және гранттар бойынша ісін жаңа бастаған 10,3 мың кәсіпкер қолдау алды, бизнесті ашқысы келетін 135 жасқа 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен (жылдық 2,5% - бен) шағын несиелер берілді. Курстардан 4 мыңнан астам адам өтті, 31,3 мың оқушы, студенттер мен жұмыссыздар арасында кәсіптік бағдар өткізілді», – деп атап өтті ол.

Ұлттық жобалар аясында және кәсіпкерлік субъектілерімен 89 995 жұмыс орны құрылды, олардың 81%-ы немесе 72 824-і тұрақты жұмыс орындары.

«Осылайша, халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекет қолға алған барлық шаралар қаладағы жұмыссыздық деңгейін 5% – дан 4,8% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті Бауыржан Жаубасов.

Жұмыспен қамту жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі - электрондық еңбек биржасы шеңберінде барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру.   Кәсіби дағдылары жоқ адамдарға жұмысқа орналасу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

   «Іске асырылып жатқан жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздар міндетті түрде жаңа кәсіптер мен дағдыларды алу үшін «Skills Enbek» порталында онлайн оқытудан өтетін болады. Бұл қала бюджетіне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», - деді Бауыржан Жаубасов.

Зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар мен зейнеткерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін оларды одан әрі жұмысқа орналастыра отырып, жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын енгізу мәселесі қаралуда.

«2024 жылы 12,5 мың адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету, 90 508 жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде 67 654-і (74,7%) тұрақты жұмыс орындары болмақ», – деп толықтырды спикер.

 

 

 

Пікірлер