Айыппұл және бас бостандығынан айырылу. Фейк ақпарат таратқандар қандай жазаға тартылады?

1607
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға арнайы қылмыстық норма мен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды “Адырна” порталы. Бұл туралы  Tengri Life-қа Надежда Гельдт айтып берді.

Фейк ақпарат (жалған) – азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүддесіне, сондай-ақ қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне елеулі зиян келтіретін, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату 1000 АЕК-ке (3,6 миллион – еск.) дейінгі мөлшерде айыппұл салуды қарастырады немесе 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру", – деп бөлісті заңгер.

Егер фейк бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері және онлайн платформалар, яғни әлеуметтік желілерді пайдалана отырып таралса, онда жаза мынаны көздейді:

  • 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл (11 миллион теңгеге дейін – ред. еск.);
  • сондай-ақ, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу.

Маман төтенше жағдай кезінде, ұрыс жағдайында, соғыс уақытында немесе бұқаралық іс-шаралар кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді.

Айыппұл көлемі ҚР заңнамасына сәйкес қабылданған:

"Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жаза тағайындалады, бұл не айыппұл, не түзеу, не қоғамдық жұмыстар, не шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы болуы мүмкін.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иесінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен жалған мәліметтерді орналастырғаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген", - дейді  "Право знать" телеграм-арнасы авторы.

Пікірлер