12 сәуірде Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі

710
Adyrna.kz Telegram

Бұл күннің таңдалуы кездейсоқтық емес, дәл осы күні көрнекті қазақстандық ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келді. Ол еліміздің геологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи салаларына баға жетпес үлесін қосты.

Ұлы ғалымның бүгінде қазақстандық ғылымды дамытып жүрген көптеген ізбасарлары бар. Біз өз ісіне шын берілген және ғылымның дамуына үлкен үлес қосатын ғалымдарымызды мақтан тұтамыз. Биыл қоғам қайраткерінің туғанына 125 жыл толады және мерейтойына орай облыс бойынша түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Бүгін Қарағанды қаласында Қаныш Сәтбаев ескерткішіне, оның 125 жылдығына арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ұлы қазақ ғалымын шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақсақалдар мен облыс басшылығы еске алып, құрмет көрсетті.

Жоғары оқу орындарында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған бірқатар ғылыми іс - шаралар өткізілді:

1. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға жастар ғылымының қосқан үлесі» атты республикалық ғылыми студенттік конференция өтті (11 сәуір);

2. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде – «Заманауи жастар: инновацияны қалыптастырып, болашаққа ұмтылу» халықааралық студенттер слеті (11-12 сәуір).

13 сәуірде Бұқаржырау ауданында Қ.Сәтбаев атындағы мектептің қабырғасында муралдың ашылуы өтеді.

Сонымен қатар, облыс кітапханаларында жыл бойы тақырыптық көрмелер, білім беру мекемелерінде сынып сағаттары, пікірталас турнирлері, кураторлық сағаттар, ғылыми жобалар, конкурстар, дөңгелек үстелдер және т.б. ұйымдастырылады.

 

 

 

Пікірлер