Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде

1622
Adyrna.kz Telegram

6 сәуірден бастап Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Акция аясында облыс тұрғындары жалпыоблыстық сенбілікке шығып, оған барлығы 437 еңбек ұжымдарынан 6 мыңнан астам адам қатысты. Сенбілікке 110 арнайы техника жұмылдырылып, 470 гектар аумақ қоқыстан тазартылды. Барлығы 56 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылып, аулаларға жаңа қоқыс контейнерлері орнатылды.
Сенбілік барысында сонымен қатар, 965 ағаштың қураған бұтақтары кесіліп, 85 түп тал отырғызылды.
Акция аясындағы тазалық жұмыстары жексенбі күні де жалғасуда. Облыстың қала, аудандарында қураған ағаштар кесіліп, қардың еруі салдарынан бүлінген аулалар мен көпшілік орындар, жол бойы қалыпқа келтірілуде.

Естеріңізге салсақ, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 6 сәуірде басталып, 4 мамырға дейін жалғасады. Акция аясында тарихи-мәдени ескерткіштер маңында, ардагерлердің үйлерінде сенбіліктер өткізіп, жаппай ағаш отырғызу жоспарланған.

Пікірлер