Түркия Тәжікстанмен визасыз режимді жойды

948
Adyrna.kz Telegram

Түркия Тәжікстанмен визасыз режимнің күшін жойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

5 сәуір күні Түркия президенті Режеп Ердоған екі ел арасындағы жарлыққа қол қойды.

Мұндай шара шетел және халықаралық қорғау туралы заң негізінде қабылданған.

Тәжікстан билігі ресми түрде ақпаратқа түсініктеме бермеді. Алайда Азаттықтың Тәжік қызметі:

"Түркия шынымен виза енгізеді, алайда оның шарттары, мерзімі мен өзге де жай-жапсары белгісіз", - екенін жазды.

Түркияның Тәжікстанмен визасыз режимді алып тастауының себебі әлі белгісіз. Бірақ ресейлік БАҚ мұны Крокустағы қырғынмен байланыстыруда.

Еске сала кетейік, 22 наурызда болған қырғын апатты ұйымдастырушы ретінде Тәжікстанның төрт азаматы ұсталған болатын.

Пікірлер