Былтыр ақпараттық қызметінің жаңалықтары жарияланатын Almaty TV News аккаунттағы жазылушылар саны 100 000 межеден асқан. Жақында видеохостинг өкілі салтанатты түрде телеарнаға «күміс» батырмасын табыстады.
Бүгінде «Almaty TV» телеарнасының негізгі YouТube аккаунтында «алтын» және «күміс» түймелері бар. Қазір арнадағы жазылушылардың саны 1 миллион 220 мыңнан асты.
Ақпараттық қызмет пен интернет-жобалар бөлімінің журналистері бірнеше жылдан бері осы нәтижеге жету үшін тынымсыз еңбек етіп келеді.
Айта кету керек, арнаның YouTube есептік жазбасы – бірнеше ақпарат ағынының квинтэссенциясы. Бұл – ішкі өндірістегі мыңдаған қаралым жинайтын жаңалықтар, бағдарламалар мен телехикаялар.
Тынымсыз еңбектің нәтижесінде жаңа жетістік – «Алматы жаңалықтары» 100 000 тұрақты көрерменге ие болды.
Арна көрермендері елдегі елеулі оқиғаларға куә болады, тың тақырыптар төңірегінде ой қозғайтын контентті тұтына алады. Қызықты және жедел ақпарат таратушылардың еңбегін жоғары бағалап, бұл жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!